Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ұлытау облысының әкімдігінде жобаларды сараптау мәселелері бойынша кеңес өтті

2024-02-08
Ұлытау облысының әкімдігінде жобаларды сараптау мәселелері бойынша кеңес өтті
Жиынға әкімдік қызметтерінің, «Мемсараптама» РМК орталық аппаратының және оның Ұлытау облысы бойынша департаментінің, жергілікті құрылыс тапсырыс берушілері мен жобалау ұйымдарының өкілдері қатысты. Шарада «Мемлекеттік сараптама» РМК атынан Кәсіпорынның бас директоры Қажкенов Қуандық Жұмабекұлы, әдістеме бөлімінің басшысы Ақанов Елік Балтабекұлы, ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Серікхалиев Саламат Бауыржанұлы сөз сөйледі. Мемсараптама басшысы ұйымның атқаратын қызмет түрлері, сараптама жүргізу тәртібі және жаңа жылдан бастап қала құрылысы сараптамасын енгізу туралы айтты. Қуандық Жұмабекұлы өз сөзінде сараптама кезеңінде жобалық құжаттамада жиі кездесетін қателер мен кемшіліктерді атап өтті. Келесі кезекте әдістеме және ақпараттық технологиялар бөлімдерінің басшылары нормативтік талаптарға енгізілген соңғы өзгерістер мен epsd.kz бірыңғай порталындағы жаңартулардың тұсаукесерін жасады.