Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас бухгалтері бос орнына отыруға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2023-03-14
1) Бос орынның атауы – «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиалы әкімшілік-басқару персоналының бас бухгалтері 2) Орналасқан жерін, почталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиалы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Лобода көшесі, 46, 3-т.е.ү., тел.: +77016044055. 3) Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2023 жылғы «20» наурызда сағат 18.30-ға дейін Elevchenko@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс. 4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларға сәйкес белгіленетін конкурс қатысушысына қойылатын негізгі талаптар. Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы: ҚЕХС және салық заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және есептіліктің барлық түрлерін жасау. Білімге қойылатын талаптар: Экономикалық мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік білім. Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. болуына қойылатын талаптар: Кәсіби бухгалтер сертификаты. Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар. Қаржы және бухгалтерия саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 10 жыл. Басшы позицияларында: талап етілмейді. Лауазымдық мендеттерді орындау үшін қажетті білімдер: Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі; - Қазақстан Республикасының Салық кодексі; - Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі; - Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері; - азаматтық заңнаманың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негіздері; - «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚРЗ; - «Құқықтық актілер туралы» ҚРЗ; - «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚРЗ; - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ; - «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚРЗ; - «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ - «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары»; - «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидалары»; - жоғары тұрған, қаржы және бақылау-тексеру органдарының бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау мәселелері бойынша, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты қаулылары, өкімдері, бұйрықтары, басқа да басшылық, әдістемелік және нормативтік материалдары; - қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары; - кәсіпорынның құрылымы, стратегиясы және оны дамыту перспективалары; - кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар, оны жүргізу ережелері; - операцияларды ресімдеу тәртібі және есепке алу учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру; - қаржылық есептердің тәртібі мен нысандары; - кәсіпорынның ішкі шаруашылық резервтерін анықтау үшін оның шаруашылық-қаржылық қызметін экономикалық талдау әдістері; - ақшалай қаражатты, тауарлық-материалдық және басқа да құндылықтарды қабылдау, кіріске алу, сақтау және жұмсау тәртібі; - дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу тәртібі; - заңды және жеке тұлғаларға салық салу тәртібі мен шарттары; - бухгалтерлік есеп шоттарынан кемшіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығару тәртібі; - бухгалтерлік баланстар мен есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері; - тексерулер мен құжаттамалық тексерулер жүргізу ережесі; - филиалдардың өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін талдау және есепке алу-есептеу жұмыстарын орындау үшін ақпараттық технологиялардың заманауи құралдары және оларды қолдану мүмкіндіктері; - бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдірудің отандық және шетелдік озық тәжірибесі; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім; Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: Жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау, жетекшілік ету (көшбасшы болу), адамдармен жұмыс істей білу және оларды іс-әрекетке ынталандыру, ұжымдағы жанжалды жағдайларды шешу, адамдарға объективті болу, келіссөздер жүргізу, командада жұмыс істеу, стресске төзімділік. Функционалдық міндеттері: 1) бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыру, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының ұтымды, үнемді пайдаланылуын, филиал меншігінің сақталуын бақылау. 2) Есеп және Салық саясатында көрсетілген бухгалтерлік және салықтық есепке алу әдістерін сақтау. 3) жасалған шарттар бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іске асыру бойынша кірістерді (оның ішінде өзге де кірістерді) бақылау және есепке алуды жүргізу, іске асырылған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын қалыптастыру және бақылау, жұмыстарды орындауға және көрсетілетін қызметтерге берілген аванстарды, берілген аванстарды және алынған аванстарды бақылау және есепке алуды жүргізу. 4) болашақ кезеңдердің шығыстарын есепке алуды жүргізу және бақылау. 5) ақшалай қаражаттар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың мақсатсыз және т. б. заңсыз жұмсалуының және кемшіліктердің пайда болуының алдын алатын іс-шараларды тұрақты жүргізу және дайындауға қатысу. 6) қызметкерлердің іссапар шығыстары бойынша аванстық есептерді уақтылы ресімдеу, жолсілтемелерді жасау және оларды бухгалтерлік есепте көрсету. 7) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне бухгалтерлік және салықтық есепке алу, бақылау, есептілік және экономикалық талдау мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істеу және оларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету. 8) Тапсырыс берушілермен және сатып алушылармен, сондай-ақ жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысуды, әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге, банк мекемелеріне салықтарды, алымдар мен төлемдерді есептеу мен аударуды және т. б. бақылауды қамтамасыз ету. 9) тапсырыс берушілердің орындаған жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) актілеріне уақтылы қол қоюын қамтамасыз ету және оларды орталық аппаратқа ұсыну. 10) шаруашылықішілік резервтерді анықтау, шығындар мен өнімсіз шығындарды жою жөніндегі тұрақты жұмыс. 11) өз құзыреті шегінде орталық аппарат пен филиал басшылығының нормативтік актілерін, тапсырмалары мен нұсқауларын уақтылы орындау, сондай-ақ eоtinish.kz жұмыс істеу. 12) заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды енгізу бойынша қатысу. 13) бухгалтерлік құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресімделуін бақылау. 14) қаржы ресурстарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды жүзеге асыру. 15) Филиалдың қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және анық бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру, жасау және уақтылы ұсыну. 16) Филиалда негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру (есепке алу, есептен шығару, орнын ауыстыру), филиалдың негізгі құралдары мен мүлкіне, қаржы активтеріне, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларына, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарына түгендеу жүргізу және т. б. 17) бухгалтерлік есеп шоттарында олардың қозғалысына байланысты барлық операцияларды уақтылы жасау және көрсету, орындалған жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін кірістерді есепке алу, өткізілген өнім мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнының шығыстарын, әкімшілік шығыстар мен болашақ кезеңдердің шығыстарын және өзге де шығыстарды, Филиалдың шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ қаржылық, есептік және кредиттік шығыстарды есепке алу операциялар. 18) бухгалтерлік есептің барлық бастапқы құжаттарының және Филиалдың шаруашылық қызметіне байланысты басқа да құжаттардың заңдылығын, уақтылы және дұрыс ресімделуін қамтамасыз ету. 19) бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін, сондай-ақ құжаттық тексерулерді ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру. 20) шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, шығындар мен өндірістік емес шығындарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша Филиалдың шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысу. 21) Филиалдың даму жоспарларын белгіленген мерзімде жасау және уақтылы ұсыну және Филиалдың даму жоспарын орындау, осы есептерге түсіндірме жазба және осы есептерді ашу және т. б. 22) орталық аппаратқа және Филиалдың орналасқан жері бойынша есептелген салықтар бойынша жылдық, тоқсан сайынғы, ай сайынғы салық есептерін және оларға салық тіркелімдерін уақтылы жасау, ұсыну және белгіленген мерзімдерде тапсыру (оның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша, таза кірістің бір бөлігінің республикалық бюджетке аударымдарын есептеу). 23) тиісті органға және орталық аппаратқа статистикалық есептілікті дайындау және уақтылы ұсыну, тапсыру. 24) орталық аппаратқа бухгалтерлік балансты, пайда мен залал туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті (тікелей әдіс), капиталдағы өзгерістер туралы есепті, есептерге түсіндірме жазбаны жасау және уақтылы ұсыну. 25) ішкі нормативтік құжаттарға, актілерге, қағидаларға және т. б. сәйкес Филиал қызметкерлерінің карточкалық шоттарына белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есептелген жалақыны және басқа да төлемдерді төлеу жөніндегі жұмысты тұрақты бақылау және жүзеге асыру. 26) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, салық органдарына және т. б. міндетті зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді уақтылы аударуды жүзеге асыру. 27) қызметкерлерге сыйақылар бойынша бағалау міндеттемелерінің операцияларын бухгалтерлік есепте уақтылы ай сайын көрсету. 28) төлем тапсырмаларын қалыптастыру және «Банк-Клиент» жүйесі бойынша есеп айырысу шоттарынан ақша қаражатын аудару. 29) 100 және 300-нысандар бойынша орталық аппаратқа, 200, 700, 870-нысандар бойынша Филиалдың және салық салынатын объектінің орналасқан жері бойынша салық органдарына салық есептілігін (салық тіркелімдері, салықтарды есептеудің қосалқы кестелері, түсіндірмелер, кросс-кестелер және т.б.) уақтылы жасау, ұсыну және белгіленген мерзімдерде тапсыру. 30) барлық салықтар, төлемдер мен алымдар бойынша дербес және абсолютті шоттарды бухгалтерлік есеп деректерімен тұрақты және уақтылы салыстыру. 31) қызметкерлердің сұрауы бойынша жалақы туралы анықтама және есеп айырысу парақтарын беру. 32) Филиалдың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының бірыңғай ақпараттық жүйесінде тұрақты жұмыс істеу және ұсынылған құқықтарға сәйкес бақылауды жүзеге асыру. 33) өз құзыреті шегінде Филиал директорының, орталық аппараттың тапсырмаларын уақтылы орындау. 34) Филиалдың мұқтажы үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қалыптастыруға, ұйымдастыруға және жүргізуге бақылау жасауға қатысу. 35) өнім берушілер мен мердігерлер бойынша мемлекеттік сатып алу порталында орындалған жұмыстар актілеріне уақтылы қол қоюды тұрақты бақылау. 36) ҚР ҚМ МКК электрондық шот-фактураларының ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың тұрақты жұмысы (қабылдау және жіберу). 37) жыл сайын «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ-ға белгіленген мерзімдерде «Активтерді, оның ішінде үй-жайлар мен автомобильдерді түгендеу» есебін уақтылы жасау және ұсыну. 38) «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ-мен 2021 жылғы 15 қазандағы ұжымдық шартты орындау бойынша тұрақты жұмыс. 39) өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін жасау және оларға қол қою. 40) Филиалдың бекітілген даму жоспары шегінде ұжымдық шартты орындау бойынша шығыстарды өтеу сомаларын бухгалтерлік есепте уақтылы көрсету. 41) еңбек және атқарушылық тәртіпті, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы жөніндегі талаптарды сақтау. 42) құпиялылық қағидатын және ақпараттық қауіпсіздік туралы ереженің талаптарын сақтау. 43) Кәсіпорын сапа менеджменті жүйелерінің процестерін жұмыс күйінде ұстау. 44) филиалдың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу және қалыптастыру; 45) жыл ішінде мемлекеттік сатып алу жоспарына түзетулер енгізуге; 46) мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттардың талаптарын әзірлеу, жасасу және орындау жөніндегі жұмысты жүргізу, сондай-ақ олардың есебін жүргізу; 47) тиісті қаржы жылына арналған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын номенклатурасын қалыптастыру; 48) мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыруды және орындауды қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде қажетті барлық рәсімдерді жүзеге асыру; 49) Филиалдың сатып алуы бойынша есептілік жасау; 50) шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; 51) мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарды әзірлеу, жасасу және орындау жөніндегі жұмысты жүргізу, сондай-ақ олардың есебін жүргізу. 5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: - «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиалы директорының атына еркін нысандағы өтініш; - қоса берілген нысан бойынша қызметтік тізім; - жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат); - білімі туралы құжаттың көшірмесі; - еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; - түйіндеме. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Конкурс келесі кезеңдерден тұрады: 1) 2023 жылғы «24» наурыз – кандидаттардың өтінімдерін қарау; 2) 2023 жылғы «27» наурыз – кандидаттармен әңгімелесу; 3) 2023 жылғы «28» қаңтар – конкурс қорытындылары. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.