Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2022 жылғы 19 қазанда «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінде ішкі аудит жүргізу жөніндегі жұмысты қайта бастау туралы «Мемсараптама» РМК бас директорының № 391 бұйрығы шығарылып, тиісті комиссия құрылды.
Аудит регламентіне келесі бағыттар кірді:
- қаржы-шаруашылық қызмет;
- құқықтық жұмыс;
- персоналды басқару және кадрлық іс қағаздарын жүргізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс;
- ақпараттық қауіпсіздік;
- іс жүргізу.
2022 жылғы 20 қазан мен 2022 жылғы 22 қазан аралығындағы кезеңде «Мемсараптама» РМК-нің Алматы қаласындағы филиалында ішкі аудит жүргізілді.
2022 жылғы 12 желтоқсан мен 2022 жылғы 14 желтоқсан аралығындағы кезеңде «Мемсараптама» РМК-нің Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша филиалында ішкі аудит жүргізілді.
2023 жылғы 13 ақпан мен 17 ақпан аралығындағы кезеңде «Мемсараптама» РМК-нің Оңтүстік өңір бойынша филиалында ішкі аудит жүргізілді.
Ішкі аудит қорытындылары бойынша филиалдар түзету шараларын жүргізді.
Аумақтық бөлімшелерде ішкі аудит жүргізу жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жалғасады.