Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемсараптама Орталық Азияның BIM-клубының қатысушысы болды

2023-02-16
Мемсараптама Орталық Азияның BIM-клубының қатысушысы болды
Мемсараптама Орталық Азияның BIM-клубының қатысушысы болды
16 ақпанда Алматыда Орталық Азияның BIM-клубының алғашқы кездесуі өтті. Іс-шараға BIM технологиясын қолдануға және ілгерілетуге мүдделі кәсіби қоғамдастық өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар ҚОАМТ-ның болашақ дамуы үшін өз тәжірибелерімен және мақсаттарымен бөлісті. «Мемсараптама» РМК-нің BIM технологиялар бөлімі де қатысып, Қазақстанда ҚОАМТ технологиясын ілгерілету үшін «Мемсараптама» РМК қандай қадамдар жасап жатқаны туралы айтып берді. Баяндамада сараптама жүргізу модулімен АММБ порталының тұсаукесері, пилоттық жобаға қатысуға ниет білдіргендердің барлығына арналған ұсыныспен пилоттық жоба туралы ақпарат қамтылды, Сондай-ақ, іс-шарада тапсырыс берушілер мен жобалаушылар үшін электрондық модельдер құру және оларды сараптамаға беру бойынша «Мемсараптама» РМК ұсынымдарының жобасы жарияланды. Ұсынымдар жобасы мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://wiki.gosexpert.kz/ru/BIM/recommendations (ұсыныстар түсініктеме беру арқылы қабылданады). Іс-шара қорытындысы бойынша осы саладағы көшбасшыларға тиісті наградалар табысталды.