Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дәріс өтті

2022-04-25
ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дәріс өтті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2022 жылғы 25 сәуірде "Мемсараптама" РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) шақырылған қызметкері Г. А. Бекпаевамен дәріс өтті. "Мемсараптама" РМнің Шығыс өңірі бойынша филиалының директоры Тикибаев Ержан Амангельдинович кіріспе сөз сөйледі. Дәріс "Мемсараптама" РМК-нің Шығыс өңірі бойынша Өскемен қаласындағы филиалы қызметкерлерінің қатысуымен Павлодар қаласы мен Семей қызметкерлерін видеоқосумен "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу" тақырыбына өткізілді. Кездесу барысында дәріс қатысушыларына 2022 жылғы 2 ақпанда Президенттің Жарлығымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы қабылданғаны туралы ақпарат жеткізілді. Өңірдің барлық тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға және сыбайлас жемқорлық фактілерімен соқтығысқан кезде бұл туралы 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа қоңырау шалып хабарлауға болады. Дәріс соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әлеуметтік роликтері көрсетілді