Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2021 жылғы 1 наурызда «Мемсараптама» РМК басшылығы РФ, Татарстан Республикасы, ТАТНЕФТЬ компаниясының өкілдерімен кездесті.

2021-03-10
2021 жылғы 1 наурызда «Мемсараптама» РМК басшылығы РФ, Татарстан Республикасы, ТАТНЕФТЬ компаниясының өкілдерімен кездесті.
2021 жылғы 1 наурызда «Мемсараптама» РМК басшылығы РФ, Татарстан Республикасы, ТАТНЕФТЬ компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында «Мемсараптама» РМК-нің бас директоры Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин қонақтармен сәлемдесіп және бұл республикалар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту үшін тағы да бір қадам екендігін білдірді. «ТАТНЕФТЬ» Татарстан Республикасының Президенті Р.Н. Миннихановтың, ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің, Қарағанды облысы бойынша әкімдігінің, «ТАТНЕФТЬ» ПАО және «Аллюр» Компаниялары тобы» АҚ-ның қатысуымен Саран қаласында (Қарағанды облысы) автомобиль шиналарын өндіру бойынша жобаны іске асыру туралы инвестициялық меморандум жасасқаны белгілі болды. Қазіргі таңда, жобалау құжаттамасын ведомстводан тыс кешенді сараптамаға ұсынуға белсенді дайындық жүргізілуде. Бұл жоба ТОП-10 Қазақстан Республикасының маңызды инвестициялық жобалар тізбесіне кіреді және бірқатар себептер бойынша қазақстан-ресей өндіріс кооперациясы саласындағы бірлескен әрекеттер бағдарламасы шеңберінде іске асырылады. Оның бірі – Қазақстан Республикасы ішкі нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетті дамыту, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құру және республикалық және жергілікті бюджетке салық түсімдерін жасау үшін жоғары мемлекеттік маңыздылығына байланысты жаңа шина кәсіпорнының құрылысы.