Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мерейтоймен құттықтаймыз!

2021-01-20
Бүгін Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі, «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының өндірістік бөлім сарапшысы Дамелья Данияровна Курумбаева 70 жасқа толуын атап өтуде. Дамелья Данияровна Курумбаева Қазақстан Республикасының құрылыс саласында 40 жылдан аса, «Мемсараптама» РМК жүйесінде 2008 жылдан бері еңбек етіп келеді. Еңбектегі жоғары көрсеткіштері үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен, «Еңбек ардагері» медалімен мараптталды. Бүгін Сізді шын жүректен құттықтап, өзіңізге денсаулық, ұзақ өмір, ошақ қасы, отбасы берекесін, еңбекте жеміс, шығармашылық табыс, асқақ армандарыңыздың орындалуын тілейміз! Өмірлік тәжірибеңіз бен ақыл-даналығыңыз Сізді жаңа биіктерге жетелей берсін!