Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«ITIL Foundation v4 негіздері» тақырыбындағы семинарға қатысу

2019-10-01
«ITIL Foundation v4 негіздері» тақырыбындағы семинарға қатысу
«Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлерін кәсіптік оқыту бойынша 2019 жылға арналған жоспар аясында 2019 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалының бас маманы (ақпараттық қамтамасыз ету бойынша) М.К. Жумагалиев Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ITIL Foundation v4 негіздері. IT басқарудағы процестік тәсіл. Процестерді ұйымдастыру» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинар барысында ақпараттық жүйе салысындағы сарапшы, консультант, ITSM (ITIL, COBIT) аккредиттелген тренердің басшылық етуімен мынадай тақырыптар қаралды: 1. IT сервис/қызметтерді ұсынуда жүйелі тәсілдің маңыздылығын түсіну; 2. Жұмысты процестік етіп ұйымдастыру принциптерінде негізделген, ұйымдастырушылық құрылым туралы түсінік; 3. IT басқаруда көп таралған модельдердің бірі ретінде ITIL v4 саласындағы білім. 4. ITIL v4 тәжірибесін пайдалануда негізгі түсініктер мен принциптерді білу. Семинар аяқталған соң, семинар қатысушыларына материалдар мен сертификат ұсынылды.