Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"Нормативтік құжаттардағы өзгерістерді ескере отырып, 2019 жылы Қазақстан Республикасындағы құрылыс құнын айқындау" семинары

2019-05-26
Біліктілікті арттыру мақсатында "Мемсараптама" РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалының сарапшысы Ж. Т. Ракишева 2019 жылы 24 мамырда Нұр-сұлтан қаласында өткен "Нормативтік құжаттардағы өзгерістерді ескере отырып, 2019 жылы Қазақстан Республикасында құрылыс құнын анықтау" тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинардың модераторы "ҚазҚСҒЗИ" АҚ болды, ол Қазақстан Республикасында құрылыс құнын анықтаудың ресурстық әдісін жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады және сметалық баға белгілеу бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуші болып табылады. Семинарда Қазақстан Республикасындағы құрылыс құнын анықтаудың ресурстық әдісін жетілдіру бойынша жүргізілетін жұмыстардың принципті негіздері түсіндірілді. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.