Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқордыққа қарсы іс-шаралар

2019-04-11
Сыбайлас жемқордыққа қарсы іс-шаралар
Сыбайлас жемқордыққа қарсы іс-шаралар
Сыбайлас жемқордыққа қарсы іс-шаралар
Сыбайлас жемқордыққа қарсы іс-шаралар
Сыбайлас жемқордыққа қарсы іс-шаралар
2019 жылғы 09 сәуірде «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының аясында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау тақырыбында лекция өткізілді. Іс-шараға «Мемсараптама» РМК ішкі бақылау бөлімі бастығының орынбасары А.Ж. Рахманкулов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілі – бас маман Ә.Е. Сактапберген шақырылды. Филиал директоры А.Ж. Касимов осы іс-шара Филиал қызеткерлері арасында алдын алу-профилактикалық жұмыс жасау мақсатында, сондай-ақ «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде өткенін хабарлады. Осыған байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда көмек көрсетті. Ә.Е. Сактапберген қатысушыларға сыбайлас жемқорлық мекмлекетті кедейлікке әкеліп соқтыратын күрделі, тарихи ауыспалы, келеңсіз әлеуметтік құбылыс екенін айтты. Сыбайлас жемқорлық проблемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтік-экономикалық прогресске тежеу жасайды және де тек өзіне тән көріністерімен және ауқымымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңы қабылданды. Аталмыш нормативтік құжатта екпін жазалауға емес, превенция мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуына назар аударылған, яғни сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, алдын ала жұмыс жасауға бағытталған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа институттары заңнамамен бекітілген, мысалға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және т.б. Сөйтіп, жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қабылданған соң, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілік жойылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бұзушыларының құқыққа қарсы іс-әрекеттері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің шегінде қаралады. Мысалға, мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғаға 2 АЕК (5 050 теңгеден) асатын заңсыз материалдық сыйақы беру, алу, сондай-ақ осындайда делдалдық жасау, қылмыстық жазалау қылмыс ретінде сараланады, ол барлық мемлекеттік ұйымдарда өмір бойы мерзіміне лауазымдарға тағайындалу құқығынан айырылады, мүлікті тәркілеуге, 10-нан 80-еселі айыппұл мөлшеріне және де 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соқтырады. Астана қаласының әкімдігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе «Астана – адалдық алаңы» атты жобаны іске асырды, жоба өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ықпалды іс-шара ретінде танытты. Жобаның басты мақсаты тұрмысттық сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Осы жылы «Сарыарқа – адалдық алаңы» атты іспеттес жоба Қарағанды облысыныда әрекет етеді. Департамент мемлекеттік қызмет саласында кадрлық саясатты іске асыру бөлігінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді этикалық және тәртіптік бақылау саласында үйлестіру жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, Департамент қызметі меритократия принципін қорғауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын іске асыруға бағытталады. Содан соң нақты тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы, олардың лауазымдарын және жазалау түрлерін көрсете отырып, «Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрністеріне нөлдік шыдамдылық» бейнеролигі көрсетілді. А.Ж. Рахманкулов «Мемсараптама» РМК ішкі бақылау бөлімінің алғашқы міндеті Филиал қызметкерлерін заңға қайшы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің қауіп-қатерінен сақтау болып табылатынына назар аударды. Сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігін жою мақсатында 2015 жылдан бастап мемлекеттік сараптаманың жобалау құжаттамасын қабылдау электронды нысанда жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші epsd.kz электронды порталында «жеке кабинетті» ашып, өтінімімен бірге құжаттама жиынтығын сараптама жүргізуге жолдайды, сөйтіп жобаларға сараптама жүргізген кезде жеке байланыстар азайтылады, ал бұл сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігін жоюға әкеледі. Кездесу барысында қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.