Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Көкшетауда аквапарк, жастар сарайы және этноауыл салынады

2016-11-14
Көкшетауда аквапарк, жастар сарайы және этноауыл  салынады
Көкшетауда аквапарк, жастар сарайы және этноауыл  салынады
Қазан айында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласында салынып жатқан нысандарды аралап, салынуға жоспарланған нысандардың жобаларымен танысты. Әкім, ең алдымен, Юбилейный мөлтек ауданында «Қолжетімді тұрғын үй» бағдармасы шеңберінде салынып жатқан тоғыз қабатты 90 пәтерлік тұрғын үйге барды деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Регион Строй» ЖШС директоры айтқандай, құрылыс барық сапа стандарттары мен жергілікті ауа-райы жағдайларын ескере отырып, толықтай отандық материалдардан салынуда. Мердігердің айтуы бойынша, нысанды тапсыру 2017 жылдың басына жоспарлануда. «Жобаға сәйкес, көп қабатты үйде 18 үш пәтерлі, 36- екі пәтерлі және осынша көлемде бір пәтерлі үй салынады». Үй фин технологиясы бойынша, дәнекерлеу жұмыстарынсыз салынуда. Қабырға панельдерін дайындау барысында комбинатта төсеме бөлшектер қолданылады, олар кейін жоғары беріктікті бетонмен құйылады. Панельаралық сыртқы жіктер де осы құраммен бітеледі. Үйдің құрылысында энергияны үнемдеуші технологиялар пайдаланылуда»,- деп атап өтті А. Дворцевой. Облыс орталығында құны 750 млн. теңгені құрайтын әлі осындай екі үйдің салынатынын атап өтеміз. Облыс әкімінің келесі жұмыс сапары құны 800 млн. теңгені құраған, көлемі 19 мың тонна бидайды сақтайтын және қайта өңдейтін «Кокше Престиж Бидай» ЖШС болды. Жоғарыда аталған нысан келесі жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Келешекте 70 жұмыс орны құрылатын болады. Әкімнің жұмыс сапары «Революционер жауынгерлеріне» саябағындағы мәдениет және демалыс саябағының құрылысымен танысумен аяқталды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, бұнда бүгінгі күндері қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, және де болашақта бұл жерде Аквапарк, Жастар сарайынан және Этноауылдан тұратын ойын-сауық саябағы бой көтермек. Саябақта өңір басшысы жобалардың эскиздерімен танысты. Қазіргі уақытта бұнда әкімшілік тұрмыстық корпус құрылысы жүргізіліп жатыр. Қалалықтар өз отбасы мүшелерімен осында демалуға, көңіл көтеруге келу үшін, жергілікті жердің ландшафтын барынша тиімді пайдалану қажет. Шаңғы жолы, жарыс жолы периметр бойынша, жарықтандыру, қызмет көрсету сервисі және өзге де инфрақұрылым – осының бәрі болуы керек», - деді облыс әкімі.