Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құрылыстағы баға белгілеу және сметалық нормалау» тақырыбындағы семинар

2018-03-12
«Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құрылыстағы   баға белгілеу және сметалық нормалау» тақырыбындағы семинар
«Мемсараптама» РМК және оның филиалдарын қызметкерлерін кәсіби оқытуға арналған 2018 жылғы жоспарды орындау мақсатында «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы құрылысындағы сметалық номалау және баға белгілеу» тақырыбында семинар өткізілді. Осы семинарға «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының сметалық бөлімінің сарапшысы Р.Г.Исангулова және баға мониторингі бойынша бас маман Е.А.Галай қатысты. Семинар модераторы –«KAZGOR» жобалау академиясы» ЖШС. 2018 жылғы 1 наурызда Астана қаласында. Семинарға қатысушылар – «Мемсараптама» РМК орталық аппараты мен филиалдарының жобалардың сметалық бөлімдері бойынша сарапшылары. Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: 1.Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айындау жөніндегі нормативтік құжат (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 14.11.2017 ж. № 249 бұйрығына 1- Қосымша). 2. Құрылыстағы үстеме шығындар және сметалық пайда шамасын айқындау жөніндегі нормативтік құжат (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 14.11.2017 ж. № 249 бұйрығына 2-Қосымша). 3. Құрылысты ұйымдастыруды жобалау шешімдерімен байланысты қосымша шығыстарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 14.11.2017 ж. № 249 бұйрығына 3-Қосымша). 4. Құрылыстағы сметалық құнының іріленген көрсеткіштерінің жинақтары. 5. Құрылыс, жөндеу-құрылыс жұмыстарына және жабдықтарды монтаждауға арналған ресурстар шығысының элементтік сметалық нормаларының жинақтарына өзгерістер мен толықтырулар; уақытша ғимараттар мен құрылыстарға арналған ресурстар шығысының сметалық нормаларының жинағы; қысқы уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезіндегі қосымша шығындардың сметалық нормаларының жинағы. 2017 жыл ( ҚР ЭСН 8.04-01-2015, ҚР ЭСН 8.04-02-2015, ҚР ЭСН 8.05-01-2015, ҚР ШНҚ 8.04-05-2015); 10 шығарылым. 6. Қазіргі кезеңде ПО «SANA-2015» БҚ пайдалану арқылы құрылыстың сметалық құнын айқындау . Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, ұйымдастырушылар ұйымдастырған викторина жеңімпаздарына кәдесыйлар берілді.