Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2018 жылдың 13 сәуірінде «Ақмола облысының құрылыс саласын цифрландыру» тақырыбындағы өңірлік конференция өтті

2018-05-24
2018 жылдың 13 сәуірінде «Ақмола облысының құрылыс саласын цифрландыру» тақырыбындағы өңірлік конференция өтті
2018 жылдың 13 сәуірінде «Ақмола облысының құрылыс саласын цифрландыру» тақырыбындағы өңірлік конференция өтті
2018 жылдың 13 сәуірінде «Ақмола облысының құрылыс саласын цифрландыру» тақырыбындағы өңірлік конференция өтті
«Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны осы конференцияның ұйымдастырушысы болды. Конференцияда ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қызметін цифрландыру, Қазақстан Республикасының құрылыс саласына ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу, Ақмола облысының құрылыс нысандарына мониторинг жүргізудің ақпараттық жүйелерін енгізу, Ақмола облысының жобаларында BIM технологияларды қолдану тәжірибесі сияқты мәселелер қарастырылды. Елбасы құрылыс саласын түрлендіріп өзгерту мәселесіне ерекше тоқтала отырып, өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Жолдауында жаңа әлемге бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін қажетті цифрлық технологияларды өмірдің бар саласына енгізу бойынша бірқатар нақты міндеттерді алға қойды. «Мемсараптама» РМК ТМД елдерінің ішінде бірінші болып құрылысқа сараптаманы электронды форматта жүргізуді енгізді. Бүгінде барлық үрдістер 100%-ға цифрландырылған. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы ескеру арқылы, бір көзден алу ұстанымы бойынша жүзеге асырылады. Яғни жобалау құжаттамасын ұсыну және қабылдау, келісімшарт жасау, тапсырыс берушілермен хат алмасу және жиынтық қорытындыны беру бойынша бар рәсімдер тек электронды портал арқылы ғана жүзеге асырылады. Сонымен қатар, сараптама жүргізудің ұзақтығы 45 жұмыс күнінен аспайды, бұрын салалық сараптама жүргізуді біртіндеп алу бойынша барлық процесс мерзімі 270 күнге дейін, кейде тіпті одан көп уақытты қажет ететін. Елбасының Жолдауы сараптама жүргізу рәсімін жетілдіру ісіне жаңа серпін берді. Сонымен, қазіргі уақытта сингапурлық тәжірибе негізінде жобалатын нысандардың сапасын арттыратын, сондай-ақ сараптама жүргізу мерзімдерін қысқартуы тиіс жобаларды тексерудің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұдан басқа, «Электронды үкімет» секторының жүйелерін біріктіруге де артықшылықтар берілуде.