Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сейсмикалық төзімді құрылыс негіздері» тақырыбы бойынша семинар

2018-11-15
«Сейсмикалық төзімді құрылыс негіздері» тақырыбы бойынша семинар
«Сейсмикалық төзімді құрылыс негіздері» тақырыбы бойынша семинар
«Сейсмикалық төзімді құрылыс негіздері» тақырыбы бойынша семинар
«Мемсараптама» РМК-нің бұйрығына сәйкес, персоналдың тұрақты түрде біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды орындау шеңберінде 2018 жылғы 13 қарашадан бастап 14 қараша кезеңінде «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің сарапшылары үшін Астана қаласында «Мемсараптама» РМК-де «Сейсмикалық төзімді құрылыс негіздері» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Аталмыш семинардың мақсаты қазіргі заманғы қала құрылысы және сәулет тенденцияларын зерттеу, сейсмикалық төзімді құрылыста ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың негізгі принциптері туралы, ғимараттардың негізгі көлемдік-жоспарлау схемаларының негіздері жөнінде, ғимараттарды жобалау және конструктивтік шешімдер негіздері бойынша білім алу болып табылады. Семинар модераторы – «ҚазҚСҒЗИ» АҚ. Дәріс оқушы - профессор Есенберлина Дильфруза Ильясовна. Осы семинарға «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалынан сарапшылар Е.Б. Кузьмина, О.М. Круглова және А.П. Шатров қатысты. Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: - жер сілкінісінің пайда болу себептері; - сейсмикалық және сейсмикалық қауіптілік, әлем кеңістігінде және Қазақстан Республикасында өткен жер сілкіністері және потенциалды болашақ қиратушы жер сілкіністері; - сейсмикалық ықпалдар, қазіргі заманғы сейсмикалық шкалалар; - Еуропалық Ынтымақтастық мемлекеттеріндегі және Қазақстан Республикасындағы нормативтік-техникалық және заңнамалық-құқықтық нормалардың заманауи жағдайы. Сейсмикаға төзімді құрылыста жаңа нормативтік-техникалық базаны қолдану – ҚР ҚН 2-03-30-2017 «Қазақстан Республикасының сейсмикалық аудандарында (аймақтарында) құрылыс салу». Семинар соңында сарапшыларға тиісті аттестаттау куәліктері табыс етілді.