Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҚР Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларға байланысты оқыту іс-шараларын өткізу.

2018-06-14
2018 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Қостанай облысы бойынша филиалында ҚР Заңымен енгізілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы № 156-VI ҚРЗ ҚР Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесімен (ЕИСКВЭ) жұмыс бойынша оқыту өткізілді. Оқытуға қатысқандар: "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы - Б. Б. Абенов, бас маман - Ж. С. Сейткалиева, бас маман - К. Е. Шәкіров, "Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ бөлім басшысы Т. Ж. Исабаев, бас маман - Д. Е. Карсакова. Оқу барысында келесі сәттер пысықталды: жұмыс кабинетіне кіру және авторизациялау, паролін ауыстыру, жұмыс кабинетінің бөлімдері, сараптамаға жіберу, жолдама карточкасы, қорытынды карточкасы, сараптама нәтижелері, қорытынды мәтіні, құжаттарды генерациялау және олармен жұмыс істеу, шаблондармен жұмыс істеу, ЭЦҚ нәтижелерін келісу, қорытындыны Тапсырыс берушіге жіберу, нөмір беру, теріс қорытынды, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат карточкасы, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат мәтіні, мәтінді жүктеу, ЭЦҚ келісу.