Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2018-07-03 күнінлені Қарағанды қаласында өткен өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту семинары ревизиясы

2018-06-12
«Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ және «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ өкілдерімен ВКСБЖ жұмыс жасау бойынша оқыту
«Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» РММ және «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ өкілдерімен ВКСБЖ жұмыс жасау бойынша оқыту
2018 жылғы 25 мамырдағы селектор жиналысының хаттамалық тапсырмасын және әкімшілік ғимараттың дайындығы туралы ақпарат беру қажеттілігі жөнінде 2018 жылғы 1 маусымдағы телефонограмманы орындау мақсатында «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» және «Өрт-техникалық минимум» тақырыптары бойынша семинарлар жүргізілді. Семинарды «Тренинг-центр «Timerlan-2011» ЖШС жүргізді. Семинар 2018 жылғы 23-27 сәуір және 27-28 маусым аралығында өтті. Семинардың мақсаты: 1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту және білімдерін тексеру; 2) өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеру. Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: 1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы; 2) Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; 3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша құжаттаманың негізгі түрлері; 4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту, нұсқама беру және білімдерін тексеру; 5) өрт қауіпсіздігі талаптарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттар; 6) ұйымдар мен ғимараттарда және адамдар көп жиналатын үй-жайларда, базалар мен қоймаларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру; 7) адамдар көп жиналатын ғимараттар мен үй-жайларда, базалар мен қоймаларда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары; 8) алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрт кезіндегі әрекеттер; 9) басқа мәселелер. Семинар соңында қызметкерлер оқыған тақырыптар бойынша тест тапсырды.