Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек

2018-03-26

Су тасқыны кезеңінің басынан Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының тұрғын үйлерін және аула маңының аумағын еріген қар суымен басып кетті. Зардап шеккен аудандардың тұрғындары қиын жағдайға тап болды, көптеген тұрғындар өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Түрлі ұйымдар мен қарапайым азаматтар осы болған оқиғаға немқұрайлы қарамай, зардап шеккендерге қолдарынан келгенін жасап, көмек көрсетті. Осы қиын жағдайда «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлері кенже қалған жоқ. Филиал ұжымы өз жеке қаражатын жинап, зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында азық-түлік сатып алды. Жиналған гуманитарлық көмек №1 қалалық мешітке облыстық орталық мешітпен ұйымдастырылған, «Қайырымдылық керуені» акциясын қолдау мақсатында жинау пунктіне тапсырылды. Кереуен гуманитарлық көмекті жинаған соң, Шығыс Қазақстан облысына аттанды. «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалының ұжымына ШҚО су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсеткені үшін «Әл-Машани» Қарағанды облысы мешіті алғыс хат берді.