Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

2017-12-20
2017 жылғы 15 желтоқсанда «Мемсараптама» РМК-де «Мемсараптама» РМК филиалдарының қатысуымен бейне-конференция форматында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Жиналыстың ашылуы «Мемсараптама» РМК бас директоры Т.Д. Қарағойшиннің құттықтау сөзінен басталды, ол барлық қызметкерлерді алда келе жатқан ұлттық мерекемен құттықтап, көптеген жұмыскерлердің (Тихонюк Н.П., Едресов Е.Ж., Чимбаев Н.Н., Сейсембеков А.Т., Горшков А.А., Умралиев Ж., Кононенко Н.М., Джакупова С.М.) мемлекеттік наградалармен марапатталғанын атап өтті, сондай-ақ жұмыста ерекше көзге түскен қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарын табыс етті. «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары, «Сарапшы» бастапқы партия ұйымының төрағасы Н.П. Тихонюк партияның белсенді мүшелеріне партия жобаларын іске асыруға қатысқаны үшін «Нұр Отан» партиясының Астана қаласы Есіл аудандық филиалының атынан алғыс хаттарды табыс етті. Сондай-ақ «Құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Астана» қалалық филиалының төрайымы Т.Б. Мадьярова «Мемсараптама» РМК қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Мемсараптама» РМК бас директоры Т.Д. Қарағойшинге «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісін табыс етті. Салтанатты жиналыс барысында мерекелік концерт өтті.