Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Санкт-Петербургтің мемлекеттік сараптамасымен кездесу

2017-11-13
Санкт-Петербургтің мемлекеттік сараптамасымен кездесу
2017 жылғы 9 қарашада «Мемсараптама» РМК қызметкерлері «Центр государственной экспертизы» Санкт-Петербург мемлекеттік автономиялық мекемесінің (бұдан әрі – СПб МАМ ЦГЭ) шақыруы бойынша екі жақты кездесуге қатысу мақсатында Санкт-Петербург қаласына барып қайтты. Өткен іс-шара барысында екі ұйымның мамандары сараптама қызметі саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, елдеріндегі жобаларға сараптама жүргізу ерекшеліктері туралы хабарлады, электрондық құжат айналымы, ақпараттық технологияларды және құрылыс объектілерін ақпараттық үлгілеу технологияларын қолдану тақырыбына пікірталас өткізді. Кездесу нәтижесінде тараптар Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою арқылы бірқатар уағдаластыққа келді. Кейін СПб МАМ ЦГЭ ұсынысы бойынша «Мемсараптама» РМК делегациясы Санкт-Петербургтің маңызды объектілерінің бірі – Зенит Арена спорт кешеніне барып қайтты. Кәсіпорын мамандары құрылыс тарихымен, сондай-ақ оның сәулет және конструкциялық бірегейлігін көрнекі бағалап, танысты. «Мемсараптама» РМК СПб МАМ ЦГЭ басшылығы мен ұжымына жылы шыраймен қабылдағаны үшін алғысын білдіреді және ынтымақтастық қарым-қатынасымыз одан әрі жемісті бола түседі деп үміттенеді.