Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Кәсіпорын мамандары геоақпараттық жүйелер тәжірибесімен танысты

2017-11-13
Кәсіпорын мамандары геоақпараттық жүйелер тәжірибесімен танысты
Санкт-Петербург қаласына іссапар барысында «Мемсараптама» РМК-нің мамандары геоақпараттық жүйелерге арналған бағдарламамен қамтамасыз етуші «Политрем» ЖШҚ компаниясының қызметкерлерімен кездесті. Өткен іс-шара кезінде қарсы алушы тарап өкілдері геоақпараттық мүмкіндіктерді көрсетті (ГАЖ). Сонымен қатар кездесуге қатысушылар замануи бағдарламамен қамтамасыз етуді пайдалану қағидаттарына қатысты маңызды мәселелерді қозғады, олар: ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деректерді жергілікті сақтау, әзірлеушіден тәуелсіздік және веб-технологияларға көшу. «Политрем» ЖШҚ компаниясының геоақпараттық жүйелерін қолдану тәжірибесін көрсету мақсатында, Санкт-Петербург үкіметі жанындағы Санкт-Петербург ақпараттық-аналитикалық орталығына, сондай-ақ «Газпром-промгаз» АҚ-ның Санкт –Петербург қаласындағы «Инженерлік инфрақұрылым кешенін дамыту» ҒТО-ға бару ұйымдастырылды. Санамаланған мекемелердің өкілдері ГАЖ платформасында құрылған ақпараттық жүйемен өз жұмыстарын көрнекі көрсетті.