Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Еңбек заңнамасын өзгерту: құқық қолдану және сот тәжірибесінің маңызды мәселелері» тақырыбындағы семинар

2017-09-18
«Еңбек заңнамасын өзгерту: құқық қолдану және сот тәжірибесінің маңызды мәселелері» тақырыбындағы семинар
«Мемсараптама» РМК-нің жұмыскерлеріне арналған 2017 жылғы 14 қыркүйекте Астана қаласында «Еңбек заңнамасын өзгерту: құқық қолдану және сот тәжірибесінің маңызды мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда мынадай мәселелер қаралды: 1. ҚР Еңбек кодексінің (23.11.2015 ж. № 414-V ҚРЗ) жаңа нормаларын қолданудың тәжірибелік мәселелері. 1.1. Еңбек шартын жасасу, орындау және бұзу. 1.2. Еңбек шартты тоқтату. 1.3. Жұмыс уақыты. 1.4. Демалыс уақыты. 1.5. Жұмыскердің және Жұмыс берушінің жауапкершілігі. 1.6. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру. 2. Соттардың еңбек заңнамасының нормаларын қолдану тәжірибесі: сараптамалық талдау және ұсынымдар. 3. «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 24.01.2017 ж. № 28 бұйрығына сәйкес заңды тұлғалардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды ұйымдастыру. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.