Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің жұмыскерлеріне арналған құқықтық, кадр мәселелері және мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер бойынша семинарларға қатысы туралы

2017-09-18

2017 жылға арналған «Мемсараптама» РМК-нің қызметкерлерін кәсіптік оқыту жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 13 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін «Мемсараптама» РМК-нің жұмыскерлеріне арналған құқықтық, кадр мәселелері және мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер бойынша семинарлар өткізілді, оған филиалдың бас маманы С.Ж. Касимов қатысты. «Мемсараптама» РМК-нің бас директоры Т.Д. Карагойшин іс-шараны кіріспе сөзімен бастады. Семинардың бірінші күні «Электронды мемлекеттік сатып алу: өзгерістер мен толықтыруларға толық шолу жасау» тақырыбына арналды, онда 2017 жылғы 1 тамызда күшіне енген, ҚР Қаржы Министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы №384 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуімен байланысы мәселелер талқыланды: сатып алу тәсілдері, сатып алу тәсілін дұрыс таңдау, сатып алу тәсілдерінің айырмашылықтары, МС саласындағы тізілімдер, МС туралы шарт және оның ерекшеліктері және т.б. 2017 жылғы 14 қыркүйекте «Еңбек заңнамасының өзгеруі: құқық қолдану және сот тәжірибесінің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті. Семинар бағдарламасы ҚР Еңбек кодексінің (2015 ж. 23.11 № 414-V ҚРЗ) жаңа нормаларын қолданудың тәжірибелік мәселелерін, соттардың еңбек заңнамасының нормаларын қолдану (сараптамалық талдау және ұсыныстар) тәжірибесін, сондай-ақ Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес заңды тұлғалардың әскери міндеттілері мен әскерге шақырылушылардың есебін ұйымдастыру мәселелерін қамтыды. Соңғы күні «Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге шолу» тақырыбы бойынша өтті. Семинарда сот тәжірибесіндегі азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығының өзекті мәселелері қаралды: моральдық зиянды өтеу, авторлық құқық және жобалау-сметалық құжаттама, жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу, жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тәртібіндегі істерді қарау ерекшеліктері және т.б. Семинарлар аяқталған соң, филиал қызметкерлеріне курстардан сәтті өткені туралы сертификаттар табысталды.