Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Спартакиада - 2017

2017-09-19
Спартакиада - 2017
Спартакиада - 2017
Спартакиада - 2017
Спартакиада - 2017
Салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлердің денсаулығын нығайту мақсатында «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалы «ALMA-TAU» тау курортында (Шымкент қ.) 2017 жылғы 6 қыркүйек пен 9 қыркүйекте өткен «Мемсараптама» РМК қызметкерлері арасындағы жыл сайынғы Спартакиадаға қатысты. Спорттық сайыс келесі спорт түрлері бойынша өтті: волейбол, мини-футбол, шахмат, шашки, үстел теннисі, жүзу және арқан тарту. Барлық жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Барлық сайыс қызу және ымырасыз күресте өтіп, команда жанкүйерлері тараптарынан белсенді қолауға ие болды. Спартакиаданың салтанатты жабылуында жарыстың әрбір түрі бойынша жеңіс үшін кубоктар, естелік медальдар табысталды, сондай-ақ бірнеше номинация бойынша ерекше көзге түскен спортшыларға бағалы сыйлықтар берілді. Біздің филиал, «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалы, үстел теннисі бойынша 1 орынға және әйелдер арасында жүзу бойынша 1 орынға ие болды. Филиалға осы орындарды теннис бойынша жетекші маман – М. Шаймерден, жүзу бойынша өндірістік бөлімінің бастығы В.В. Беляева әкелді, сөйтіп «Үздік теннисші» және Үздік жүзуші (әйелдер арасында) құрмет грамотасымен марапатталды.