Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Басшылықтың ауысуы

2017-10-05
Басшылықтың ауысуы
«Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалында 2017 жылғы 5 қазанда басшылық ауысты. «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры лауазымына бұрын «Мемсараптама» РМК-нің методология басқармасының сараптама жұмыстарын автоматтандыру бөлімінің бастығы Ануар Жанбыртаевич Касимов тағайындалды. Филиал қызметкерлеріне жаңа басшылықты «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары Е.Ж. Едресов таныстырыды. Е.Ж. Едресов филиал қызметкерлерін А.Ж. Касимовтың өмірбаяны мен еңбек қызметімен таныстырып, бұрын атқарған лауазымдардағы оның жоғары кәсіби деңгейін атап өтті. «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалының ұжымы А.А. Бодановқа филиалдың қол жеткізген жетістіктері үшін игі жұмысына, әрбір қызметкерге деген мейірімді қарым-қатынасы үшін алғыс білдіреді және де филиал басшыларына жаңа лауазымдарда табыс, сарқылмас күш-қуат, денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй тілейді!