Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ZuluGIS сумен жабдықтау және су бұру бойынша вебинар

2016-10-21
ZuluGIS  сумен жабдықтау және су бұру бойынша вебинар
ZuluGIS  сумен жабдықтау және су бұру бойынша вебинар
20 қазанда ZuluGIS® базасында сумен жабдықтау және су бұру схемаларын әзірлеу кезінде "Геоақпараттық технологиялар. Инженерлік желілердің гидравликалық есептеулері. Инженерлік жүйелер тараулары бойынша мамандандырылған «Мемсараптама» РМК сарапшылары үшін мобильдік құрылғыны пайдаланумен сумен жабдықтау және су бұру жүйесін басқаруды жетілдірудің жолдары» атты вебинар өтті. Вебинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: 1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің электронды модельдерін жасау. 2. Сумен жабдықтаудың конструкторлық және тексере есептеуді орындау. 3. Сумен жабдықтау желілеріндегі ауыстырып-қосудың барлық түрлерін модельдеу . 4. Су құбыры желісінде өтпелі кезеңдерді есептеу. Гидравликалық соққыларды есептеу. 5. Өздігінен ағатын коллекторларға конструкторлық есептеуді орындау. Өздігінен ағатын коллекторға бойлық (жоғарғы) профиль орнату. 6. Өздігінен және арынмен жұмыс істейтін өздігімен ағатын коллектордың тексеру есебін орындау. 7. Қысым коллекторын тексере есептеуді орындау. 8. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін басқаруды жетілдіру үшін мобильді құрылғылармен жұмыс жасау (смартфондар, планшеттер). 9. Суға және су бұру үшін тұтынушылармен есеп айырысу. Автоматтандырылған есептеу жүйесін құрудың принциптері мен ерекшеліктері. Сыртқы жүйелермен байланыстардың мүмкіндіктері және қамтамасыз ету тәсілдері. 10.Өткізу қызметіндегігеоақпараттық технологиялар.