Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

СҚО бойынша әкімінің орынбасарының қатысуымен аппараттық жиын өтті.

2017-04-17
СҚО бойынша әкімінің  орынбасарының қатысуымен аппараттық жиын өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының қатысуымен аппараттық жиынның қорытындысы Төрағалық еткен: Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары- Федяев А. В. Қатысқандар: МСҚБ және Л басқарма өкілдері, аумақтық, облыстық атқарушы органдардың басшылары, жобалау ұйымдардың өкілдері (тізім бойынша). Күн тәртібі: 1. «Мемсараптама" РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының , соның ішінде СҚО бойынша 2016 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша баяндама . 2. Мәселелі сұрақтарды талқылау. 3.ВКС үрдісіне әсер еткен ҚР заңнамалық актілеріне жаңадан енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірулер. Жобалау және сараптамалық қызметті жетілдіру бойынша облыстардың және Астана мен Алматы қаласының әкімдіктерімен бірлескен кеңестер жүргізу бойынша іс-шаралардың жоспарына сәйкес Сөз сөйлегендер: Төрағасы: Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары - Федяев А. В. Баяндамашы: "Мемсараптама" РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының орынбасары - Радченко Л. В. Тыңдады: Баяндамашыны таныстыру Слайдтар түрінде электрондық форматта тұсаукесерді ұсына отырып баяндама жасалды. Қарастырылды: «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының күшіне енген Заңын ескере отырып, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу схемасын, құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамы тарауларында өгертулер мен жобалардың экологиялық сараптамасын қосуды және жобалардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын қосуды қарастыру. 2. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрықтың 110, 114, 115 тармақтарын түсіндіру. 3. Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығының 20.12.2017 ж. соңғы редакциясына сәйкес өзгертулер. 4. ВКС-та неліктен Өндірістік қауіпсіздік бойынша келісімді ұсыну қажеттілігін түсіндіру. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау» туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V 3PK Заңының 70; 71; 73 баптарына сәйкес. 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығымен бекітілген Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес сараптама жұмысы құнын есептеу бойынша сәттерге түсінік берілді (есептеу реттілігінің өзгермегендігі туралы) 6. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалатын шарттар бойынша сараптамалық жұмыстардың құнын қабылдау бойынша түсіндіру. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 64-2 бабына сәйкес. Жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банк әрекет ету принципі бойынша және құрылыс ұзақтығын есептеу бойынша қосымша түсініктемелер берілді. Ұсыныстар: 1. 3.07. 2015 жылғы № 235-нк бұйрығына өзгерістер енгізу мүмкіндігі туралы қарастыру " (1-қосымша). Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын мемлекеттік сараптама қорытындысын рәсімдеу күніне әсер ететін құрылыс ресурстарына сметалық бағаларда емес, құрылыстың жобалаудан кейінгі сметалық құнның өткен тоқсандағы ұсынылған бағаларында құрылыстың сараптамадан кейінгі сметалық құны ретінде беру. 2. Күрделі емес жауапкершілік деңгейіне жататын, монополияға жататын мемлекеттік сараптамадан өтуге мемлекеттік инвестициялармен қаржыландырылатын барлық объектілер бойынша, Тапсырыс берушінің таңдау құқығын қалдыру мүмкіндігі туралы қарастыру.