Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«БҮГІНГІ САРАПТАМА» сараптама» құрылыстағы сараптама ұйымдарының І-халықаралық форумы

2017-09-05
«БҮГІНГІ САРАПТАМА» сараптама»  құрылыстағы сараптама ұйымдарының  І-халықаралық форумы
«БҮГІНГІ САРАПТАМА» сараптама»  құрылыстағы сараптама ұйымдарының  І-халықаралық форумы
«БҮГІНГІ САРАПТАМА» сараптама»  құрылыстағы сараптама ұйымдарының  І-халықаралық форумы
«БҮГІНГІ САРАПТАМА» сараптама»  құрылыстағы сараптама ұйымдарының  І-халықаралық форумы
«БҮГІНГІ САРАПТАМА» сараптама»  құрылыстағы сараптама ұйымдарының  І-халықаралық форумы
«БҮГІНГІ САРАПТАМА» сараптама»  құрылыстағы сараптама ұйымдарының  І-халықаралық форумы
«БҮГІНГІ САРАПТАМА» сараптама»  құрылыстағы сараптама ұйымдарының  І-халықаралық форумы
2017 жылғы 17 тамызда «Бүгінгі сараптама» құрылыстағы сараптама ұымдарының І-Халықаралық форумы өтті. Форумда құрылыс жобаларының сарпатамасы саласындағы көкейкесті, мәселелері, халықаралық ынтымақтастық пен бизнесті одан әрі дамыту- сараптама ұйымдары арасындағы серіктестік талқыланды. Кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы Форум қатысушыларының назарын жаңадан ендірілген «бір терезе» қағидатының инновациялығына, оған ведомствадан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін құрамында құрылыс жобаларының экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасын жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылар енгеніне, сонымен қатар, сараптама жүргізуді орташа 285 күннен 45 күнге дейін қысқартқанына аударды. Форумда мына мәселелерді қарастырды: 1) ТМД және алыс шет елдердегі құрылыс жобаларының сараптамасы; 2) сараптама қызметін уақытылы дамыту тенденциясы; 3) ақпараттық модельдеу технологиясы; 4) құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық реттеу; 5) құрылыс жобалары бойынша экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама; 6) кадрлық потенциалды қалыптастыру және дамыту. Мәселелерді талқылауға шетелдік сараптама ұйымдарының өкілдері қатысты (Ресей федерацииясы (оның ішінде Мәскеу қаласы, РФ Татарстан Республикасы, РФ Башқұртстан Республикасы ), Беларусь Республикасы, Украина, Польша Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы), сондай-ақ отандық және шетелдік жобалаушы және оқытушы ұйымдар (ТПД НПО ПБР Kazakh Projects Joint Venture Limited, КСК ТЕХНОЛОГИИ (г. Москва), СЗФО Группа Компаний Спектрум (Санкт-Петербург қаласы), «НЕОЛАНТ» АҚ (Мәскеу қаласы), CITIC Construction Co, Ltd. (Пекин аласы), НИ и ПТ РУП С.С. Атаев атындағы «Институт жилища – НИПТИС » (Минск қаласы), ООО "ПСС ГРАЙТЕК", ООО НПП «АВС-Н», ООО «Политерм» (Санкт-Петербург қаласы), «GREENORDAPROJECT» ЖШС, «КазРИВС» ЖШС, КазНИИСА АҚ, Қазақстандағы BIM орталық, НПО ПБР ТОО «ТШО» және т.б. Аса қызығушылық танытқандар: - Александр Шпиньков (тақырыбы: Келешекте Кеңейту Жобасын Шолу. Сағалық қысыммен басқару жобасы), ол жобаны жүзеге асыруда компьютерлік модельдеу мен модульдік қағидатты пайдаланумен орындалған жобалау мен жобаны жүзеге асыру туралы айтты. - Саламат Серікхалиев (тақырыбы: Ақпараттық технологияны қолдана отырып сараптама қызметін автоматтандыру) ол құрылыс индустриясына технологияны енгізу процессінде Кәсіпорыннның ролі мен мүддесі, сондай-ақ дамып келе жатқан ВІМ технологиясы шеңберінде мемлекеттік сараптама өкілдерінің көзқарасымен қарастырылатын осы саладағы келешекті бағыттар туралы айтты, нарық өкілдерінен жүргізілген онлайн-сауалнама нәтижелерімен бөлісті. Бұдан басқа, бақылауды беретін (мониторинг) технологиялары мәселесі, көпірлер құрылысы мен жол жабындарының диагностикасы, және жаңа сметалық-нормативті базаны қолданумен есептелеген сметалық құжаттама сараптамасының әдіснамалық аспектілері талқыланды. Қазақстаннның сараптамалық қауымдастығымен қол жеткізген жетістіктер Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Украинамен, РФ Татарстан Республикасымен РФ Башқұртстан Республикасымен серіктестік туралы келісімге қол қоюға негіз болды. Қолдағы бар келісімдермен бірге (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Мәскеу сараптамасы мен Челябинск облысының сараптамасы) сараптама қызметінің келешекте айтарлықтай жетілуін кеңейтті. Нәтижесінде өзара әрекеттесуді одан әрі жетілдіру үшін және құрылыс сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдардың тәжірбие алмасуына негіз бола білді.