Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК және оның филиалдары жұмыскерлерінің «Болашақ энергиясы» форумына қатысуы

2017-08-02
«Мемсараптама» РМК және оның филиалдары жұмыскерлерінің  «Болашақ энергиясы» форумына қатысуы
Біліктілікті арттыру мақсатында «Мемсараптама» РМК-нің және оның филиалдарының жұмыскерлері «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің конгресс-орталығында 2017 жылғы 31 шілдеден 1 тамызға дейін өткен «Қаладағы энергия тиімділігі. Қаланы жоспарлау, салу және көлік» тақырыбындағы «Болашақ энергиясы» форумының алтыншы конференциясына қатысты. «Болашақ энергиясы» форумы – халықаралық қатысу, ынтымақтастық және энергетика саласындағы мәселелерді талқылау үшін барлық жағдай жасайтын Астана «ЭКСПО-2017» орталық іс-шараларының бірі. Форумның алтыншы сериясындағы әңгіме қаланың болашағы үшін стратегияны әзірлеу туралы болды. Қатысушылардың назары болашақ қала мобильдігіне тұрақты қалалық жоспарлау және инновациялық шешімдерге жұмылдырылды. Азаматтардың рөлі, қоғамдық ұйымдардың және энергетикалық революция мәселелері бойынша бастамалар талқыланды. Сонымен қатар, қала энергетикасы саласындағы жаңашыл идеялар ұсынылды.