Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Нұр Отан» Партиясы» БҚ Есіл аудандық филиалының «Сарапшы» алғашқы партия ұйымының кезекті жиналысы

2017-03-01
«Нұр Отан» Партиясы» БҚ Есіл аудандық филиалының «Сарапшы» алғашқы партия ұйымының кезекті жиналысы
2017 жылғы 28 ақпанда «Нұр Отан» Партиясы» БҚ Есіл аудандық филиалының «Сарапшы» алғашқы партия ұйымының кезекті жиналысы өткізілді, «Нұр Отан» Партиясы» БҚ Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Мағзұмұлы Сейітов оған қатысты. Жиналыста мына мәселелер талқыланды: 1. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын талқылау және түсіндіру; 2. Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін түзетулерді талқылау; 3. жаңғырту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар; 4. Мемлекет басшысының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша халыққа үндеуін талқылау және түсіндіру. Талқылау нәтижесінде «Мемсараптама» РМК ұжымы мынадай шешім қабылдады: 1. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Президенттің халыққа Жолдауын қолдау және оны негізгі мақсаттар мен басымды міндеттерді белгілейтін құжат ретінде қабылдау. 2. ІТ-саласын белсенді пайдалана отырып, қызмет көрсету нарығында орнықты жағдайын, құрылыс жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін бірыңғай порталын жетілдіруді қамтамасыз етуге. 3. Жобаларды мемлекеттік сараптау жүйесінің тиімділігін барынша қамтамасыз ету, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы барлық экономика салаларының объектілері мен кешендерін салуға арналған конкурстық (тендерлік) құжаттама сапасын жоғарылату. Жиналыс соңында «Нұр Отан» Партиясы» БҚ Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Мағзұмұлы Сейітов барлығын Партия күнімен құттықтады және «Мемсараптама» РМК-нің бас директоры Т.Ж. Қарағойшинға партияның жобалары мен міндеттерін іске асырудағы ынталы жұмысы және астананың қоғамдық-саясаттық өмірінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін алғыс хат берді.