Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«1С: Бухгалтерия 8-де электроднық шот-фактуралармен жұмыс тәжірибесі» тақырыбындағы семинар

2017-02-25
«1С: Бухгалтерия 8-де электроднық шот-фактуралармен жұмыс тәжірибесі» тақырыбындағы семинар
2017 жылғы 24 ақпанда «Мемсараптама» РМК-нің мәжіліс-залында «1С: Бухгалтерия 8-де электроднық шот-фактуралармен жұмыс тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға қатысушылар: «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратының бухгалтерлік есеп және жоспарлау бөлімінің қызметкерлері және филиалдарының бас бухгалтерлері. Семинар бағдарламасына сәйкес мынадай мәселелер қаралды: 1. Электрондық нысанда берілетін шот-фактуралардың (бұдан әрі - ЭШФ) жалпы ұғымы және ЭШФ ерекшелігі. 1) ЭШФ ұғымы; 2) Әр түрлі салық төлеушілер топтарына арналған ЭШФ-ны міндетті қолдану; 3) ЭШФ беру ерекшелігі. 2. ЭШФ ақпараттық жүйесі ұғымы. 3. ЭШФ-мен жұмыс үшін сертификат. 4. ЭШФ ақпараттық жүйесінде web-қосымша арқылы жұмыс. 5. ЭШФ нысаны. 6. Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8 берілген ЭШФ беру әдістемесі: 1) ЭШФ беру; 2) Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8 ЭШФ-нің ақпараттық жүйесімен алмасу нұсқасы. 7. Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8-ден алған ЭШФ-ны жүктеу әдістемесі. 8. Қателерді түзету, айналымды түзету және ЭШФ-ның күшін жою. 9. Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8-де ЭШФ-де қателерді түзету әдістемесі: 1) қосымша ЭШФ беру; 2) түзетілген ЭШФ беру; 3) ЭШФ-ның күшін жою; 10. ҚҚС-ты есепке жатқызу ерекшеліктері: 1) ҚҚС-ты есепке жатқызу кезеңін анықтау; 2) Қазақстан үшін 1С: Бухгалтерия 8-де әртүрлі салық кезеңдерінде есепке жатқызуға жататын ҚҚС сомаларын бейнелеу әдістемесі. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.