Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК делегациясы тәжірибемен алмасу шарасы шеңберінде Беларусь Республикасы, Минск қаласындағы «Басмемқұрылыссараптама» Республикалық біртұтас кәсіпорнына барып кайтты

2016-11-17
 «Мемсараптама» РМК делегациясы тәжірибемен алмасу шарасы шеңберінде Беларусь Республикасы, Минск қаласындағы «Басмемқұрылыссараптама» Республикалық біртұтас кәсіпорнына барып кайтты
Тәжірибемен алмасу шарасы шеңберінде «Мемсараптама» РМК делегациясы 2016 жылғы 15 қарашадан бастап 16 қараша аралығында Минск қаласындағы «Басмемқұрылыссараптама» Республикалық біртұтас кәсіпорнына барып қайтты. Делегация құрамына бас директордың орынбасары Н.П. Тихонюк, бас директордың техникалық мәселелер бойынша кеңесшісі К. Хван, «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының директоры С.О. Лекеров, жобаларды қабылдау мен қорытындыларды беру бойынша басқарма басшысының орынбасары З.А. Каирова, өндірістік бөлімі басшысының орынбасары Г.С. Торегожина, «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының сарапшысы Н.Е. Зинковская кірді. Шараның ашылу салтанаты «Басмемқұрылыссараптама» РБК бас директоры В.Л. Петрушовтың алғы сөзімен және кәсіпорын қызметі туралы баяндама- тұсау кесерімен басталды. Кездесу барысында «Басмемқұрылыссараптама» РБК және «Мемсараптама» РМК өкілдері сараптама қызметінің сапасын арттыру, соның ішінде, сараптама қызметіндегі ақпараттық және әдістемелік қамтамасыздау мәселелерін талқылады. Көптеген негізгі мәселелер талқыланды, атап айтқанда, Беларусь Республикасында 2015 жылдан бастап енгізілген Европалық стандарттар бойынша жобалау нормаларын қолдану, темір бетонды конструкцияларды конструкциялауға арналған материалдарды қолдану, сондай-ақ, жобаларға сараптама жүргізудегі қиын мәселелер қарастырылды. «Басмемқұрылыссараптама» РБК өкілдерімен кездесудің ресми бөлімінің соңында мәдени-танымдық шара- Беларусиядағы Ұлы Отан соғысы тарихының мемлекеттік мұражайына саяхат жасалды. Делегация мұражай тарихымен танысты, хронологиялық тәртіпте орналасқан, 150 мыңнан аса есептелген, бүкіл Европа бойынша жиналған және барлық елдің өкілдерімен берілген «Соғыс жолдары» экспозициялық галереясымен, ҰОС экспонаттарымен, құралдарымен танысты. Сонымен қатар, ҰОС кезінде Беларусия аумағында соғысқан қазақ жауынгерлерінің ерліктерімен танысты. Залда әртүрлі құжаттарды, атап айтқанда, әскери басшылардың хаттарын, неміс басшылығының бұйрықтарын, басылымдық газеттер, жойылған ауылдардың тізімдерін парақтауға мүмкіндік туғызатын ақпараттық киоскілер көптеп орналасқан. Кездесу қорытындысы бойынша барлық мәселелерді талқылай отырып және пікірлермен алмаса отырып, «Мемсараптама» РМК басшылығы тәжірибемен алмасу шеңберінде «Басмемқұрылыссараптама» РБК делегациясын Қазақстан Республикасына шақырды. «Басмемқұрылыссараптама» РБК басшылығы мен ұжымына аталған шараны ұйымдастырып, жоғарғы деңгейде қарсы алғаны үшін алғыс білдіреміз. Серіктестігіміз әрі қарайғы жалғасын табады деп үміттенеміз!