Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

100+ Forum Russia биік және бірегей құрылыстың III Халықаралық форумына қатысу

2016-10-10
100+ Forum Russia биік және бірегей құрылыстың III Халықаралық форумына қатысу
5-7 қазанда Екатеринбург қаласында (Ресей Федерациясы) өткен 100+ Forum Russia биік және бірегей құрылыстың III Халықаралық форумына «Мемсараптама» РМК делегациясы, «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының атынан өндірістік бөлімінің сарапшысы Д.Д. Курумбаева қатысып қайтты. Форум бір уақытта жеті залда өтті, әр қайсысында биік және бірегей ғимараттар мен құрылыстарды жобалау мен салуға, мегаполистің жер асты кеңістігін игеру, биік және бірегей имараттардың инженерлік жүйелеріне байланысты мәселелер талқыланды. Форум отырысында СНГ 11 мемлекетінен және алыс шетелден, атап айтқанда, ФРГ, Италия, Швейцария, Польша, Япония, Оңтүстік Корея, Сауд Аравиясы, Қытау, Ресей, Беларусия және Қазақстаннан делегациялар қатысты. Форумның орталық сессиясының бірі «Главгосэкспертиза России» ФАУ, модераторы НП «СРОСЭКСПЕРТИЗА» директоры Татьяна Морозова болды. Форумның негізгі мәселелері биік құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптама, электронды формада мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыру, әсіресе тапсырсышылармен өзара әрекет ету мәселелері талқыланды. «Бірегей объектілердегі болат конструкциялар. Техникалық шешімдер мен нормативтік базалар» сессиясында «Бірегей биік ғимараттар үшін болат және темір болатты конструкциялар – жобалау нормалары мен тәжірибелері» атты тақырыпта РААСН вице-президенті, ЗАО «ГОРПРОЕКТ» ғылыми жоба бойынша бас директорының орынбасары Владимир Ильич Травуш сөйледі. Сонымен бірге, ФРГ мемлекетінен Ingenieursozietaet Professor Dr.-Ing. Katzenbach Gmbh директорының «Күрделі қала ортасындағы биік ғимараттарға арналған іргетастардың жаңа экономикалық және қауіпсіз жүйелері» баяндамасы қызу талқыға түсті. «Биік ғимараттар мен имараттардың негізі мен іргетастары» сессиясында Осака қаласының Геозерттеу институтының директоры Йошинори Ивасакидің 2011 жылғы Тохаку, Япония қалаларындағы жер сілкіну салдарынан Осака қаласындағы биіктігі 256 м көпқабатты ғимаратының конструкциясының бұзылу үлгісіндегі сейсмикалық жүктемедегі ғимаратты деформациялау туралы баяндамасы, сондай-ақ, биік ғимараттардағы тіреулі іргетастар туралы ресей ғалымдары Завен Тер-Мартиросян мен Рафаэль Шарафутдиновтың баяндамалы қызығушылық туғызды. 100+ Forum Russia соңғы күні ашық пікірталас алаңына айналды: бейінді сессияларда кәсіпқойлар құрылыстағы үйлесімді материалдарды қолдану, бірегей ғимараттар мен имараттарды компьютерлі моделдеу заманауи технологиясын, BIM-технологиясы негізінде ақпараттық үлгілеу аясында жинақталған тәжірибелермен бөлісті, бірегей өнеркәсіптік объектілердің өрт қауіпсіздігін талқылады. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласы филиалының ұжымы «Мемсараптама» РМК осындай шараға барып, филиал экмпертінің осындай жоғарғы деңгейдегі форумға қатысқаны үшін зор алғысын білдіреді.