Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Спартакиада-2016

2016-10-10
Спартакиада-2016
Спартакиада-2016
Спартакиада-2016
Жыл сайынғы дәстүр бойынша «Мемсараптама» РМК және РМК қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып, өз қызметкерлерінің арасында спартакиада өткізеді. Өткізіліп отырған спартакиаданың мақсаты- Қазақстан Республикасы президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыру, дене шынықтыру мәдениеті мен спортты қызметкерлердің күнделікті өміріне енгізу, оларды салауатты өмірге шақыру және корпоротивті рухтарын көтеру. Спартакиада-2016 Шымкент қаласының маңында орналасқан «ALMA-TAU» таулы шипажайында 2016 жылғы 06 қазаннан бастап 09 қазанға дейін өтті. Спорттық жарыстар 7 спорт түрінен, атап айтқанда, волейбол, шағын-футбол, шахмат, үстел шахматы, жүзу және арқан тарту түрлелі бойынша өтті. Ашылу салтанатын Спартакиада қатысушыларына құттықттау сөзімен «Мемсараптама» РМК бас директоры Т.Д. Карагойшин ашып берді. Спартакиаданың барлық қатысушылары жеңіске талпынды. Сайыстар өте қызықты, ымырасыз күресте өтті, командалар мен қатысушыларды қолдаушылары демеп, қолдап отырды. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы шағын-футбол бойынша алғашқы болып бастап, I орынды қаңжығасына байлап, алтын медалға ие болды. Ойынның жеке түрлері бойынша да команда мүшелері бірталай жетістерге жетіп, шашка бойынша I орынға ие болып, Акимжанов Серик Жуманович алтын медаль алды, және де ол үстел теннисі бойынша II орын алып, күміс медаль алды. Жүзу сайысы бойынша III орын мен қола медаль Аргимбаев Дмитрий Борисовичка бұйырды. Сайыстар аяқталғаннан кейін, ойын нәтижелерін қорытындылау және Спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі болды. Орын алған командалар мақтау қағаздарымен, ескерткіш медалдармен және кубоктармен марапатталды. Турнир қорытындысы бойынша «Мемсараптама» РМК Алматы қаласы филиалының командасы жалпы командалық I орынға ие болып, Спартакиада-2016 Кубогын жеңіп алды. «Үздік футболшы» және «Үздік команда капитаны» номинацияларын жеңіп алған Акимжанов Серик Жуманович ерекше жетістіктерге қол жеткізді. Спартакиада Жеңімпаздары мен қатысушыларына құрмет көрсету салтанатты рәсімінде РМК қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігіның төрағасы С.О. Шампиева құттықтау сөзін сөйледі. Спартакиада кубогын беру салтанатында филиал директоры С.О. Лекеров «Мемсараптама» РМК, «РМК қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігіне алғысын білдіріп, барлық жарысқа қатысушыларды Алматы қаласында, осы турнирдің жеңімпаздарының алаңында өтетін келесі Спартакиадаға шақырды. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұжымы спартакиада-2016 барлық қатысушыларын шын жүректен құттықтап, «Мемсараптама» РМК басшылығына , РМК қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігіне, сондай-ақ, «Мемсараптама» РМК Оңтүстік аумағы бойынша филиалына аталған шараның өте жоғарғы деңгейде өткені үшін алғыс білдіреді.