Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Электронды мемлекеттік сатып алулар: өзгертулер мен толықтыруларға толық шолу жасау» тақырыбында өткен семинарға қатысу туралы

2016-10-13
2016 жылға арналған «Мемсараптама» РМК филиалдарының қызметкерлерін кәсіби дамыту Жоспарына сәйкес әкімшілік бөлімінің бас маманы Г.М. Идрисова «Электронды мемлекеттік сатып алулар: өзгертулер мен толықтыруларға толық шолу жасау» тақырыбында өткен семинарға қатысты. Семинарда қатысушылар Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның ерекшеліктерімен, мемлекеттік сатып алу үрдісінің негізгі принциптерімен және оларды сақтау, мемлекеттік сатып алу үрдісімен, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарымен және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тәртібімен танысты. Сонымен бірге келесі мәселелер қарастырылды: • Мемлекеттік сатып алу үрдісіне қатысуға қатысты шектеулер; • Әлеуетті жеткізушілерге қойылатын квалификациялық талаптар. Әлеуетті жеткізушіні квалификациялық талаптарға сай келмейді деп тану негіздері. Мемлекеттік сатып алу нәтижесіне әерін тигізетін, әлеуетті жеткізушімен күмәнді ақпараттар беру салдары. • Мемлекеттік сатып алу саласында қалыптасатын тізімдер (ресстрлар). Жаңа тізімдер (реестр) түрімен танысу; • Әлеуетті жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану тәртібі; • Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру тәсілдері. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа әдістерімен танысу; • Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алулар; • Бағалы ұсыныстарды сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алулар; • Бір көзден мемлекеттік сатып алулар; • Мемлекеттік сатып алу шарттары; • Мемлекеттік сатып алу шарттарын жасау (тек электронды шарт жасау міндеттемелері); • Шарт жасау мерзімдері; • Электронды шарт жасасу туралы талаптарын жария етпеу жағдайлары; • Шартты ұзарту; • Аванстан бас тарту жағдайлары; • Мемлекеттік сатып алу шарттарын жасаудан ауытқу; • Мемлекеттік сатып алу шартының жобасына немесе жасалған шартқа өзгертулер енгізу негіздері; • Мемлекеттік сатып алу шарттарының күшіне енуі; • Әрекеттерді (әрекетсіздік), тапсырысшының , мемлекеттік сатып алуды ұймдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссияның, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы оператордың шешімдеріне шағымдану; • Шағымдануды беру тәртібі; • Әлеуетті жеткізушілердің жеке категорияларының мемлекеттік сатып алуына қатысу; • Жаңа Заңның ауыспалы ережелері. Семинар қорытындысы бойынша филиал қызметінде мемлекеттік сатып алу үрдістерін жүзеге асыру бойынша туындайтын негізгі мәселелер және басқа да сұрақтар талқыланып, «дөңгелек үстел» өтті. Семинар аяқталғаннан кейін Г.М. Идрисоваға «Электронды мемлекеттік сатып алулар: өзгертулер мен толықтыруларға толық шолу жасау» семинарынан, сондай-ақ, «Шарт пен келісімдер жасауда туындайтын өзекті мәселелер мен практикалық сұрақтар» семинарынан оқыту өткендігі туралы сертификаттар берілді.