Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша лекция

2016-06-14
Жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша лекция
Жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша лекция
Жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша лекция
«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының 2016 жылғы Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Шаралар жоспарын орындау кезінде филиал қызметкерлері үшін 2016 жылғы 10 маусымда жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы бойынша лекция өткізілді. Лекцияны «Общественный проект» ҚҰ директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Александр Иванович Братенков оқыды. Братенков А.И. өзінің баяндамасында жемқорлыққа қарсы әрекет ету Қазақстанның және Президент Н.А.Назарбаевтың мемлекеттік саясатының маңызды бағдарламалық артықшылығы болып табылатындығын атап өтті. Мемлекеттік жемқорлыққа қарсы әрекет саясаты елдегі әлеуметтік, экономикалық және саясаттық тұрақтылықты бекітуге мүмкіндік береді, азаматтардың, сондай-ақ, қоғамның құқығын, еркіндік, заңды мүдделерінің қылмыстық әрекеттерден қорғау деңгейін көтереді. Бағдарлама мемлекет пен жалпы қоғамның күшін жемқорлыққа қарсы күресте біріктіруге бағытталған және жемқорлыққа қарсы күрес әрекетінде азаматтық қоғамды, бизнес-қоғамдастықты кеңінен тартуды, мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды күшейтуді, жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын жетілдіруді, мемлекеттік қызметтер сапасына мониторинг жасауды, қоғамдағы жемқорлықты қабылдамау мәдениетін және білім беру мен тәрбиелеудің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы тәртіп модульдерін қалыптастыруды қарастырады. Бағдарлама төрт базалық қағидадан тұрады: мемлекеттік қоғамға деген тазалық, ашықтық және есеп беру бойынша қағидасы, тең әлеуметтік серіктестік қағидасы, партия мен қоғамның серіктестік қағидасы. Аталған Бағдарлама жемқорлықтың салдарымен күрес жасауда емес, оның себептері мен жағдайларын жоюға деген екпіні маңызды қағидалық амалы болып табылады. Сонымен қатар Александр Иванович Братенков Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жаңа нормалары бойынша түсініктеме жұмысын жүргізді. Лектор түзетулер алдымен аграрлық секторды дамытуды ынталандыру үшін қабылданғандығын түсіндірді. Қазақстан азаматтары енді ауылшаруашылыққа тағайындалған жалға берілген жерлерді кадастрлық құнының 50 пайыздық құнымен 10 жылға созып жеке меншікке сатып алуға құқылы. Сондай-ақ, Братенков А.И. жерге ие болу құқығы тек қана Қазақстан азаматтарында бар екендігін еске салды. Ауыл шаруашылыққа арналған жерді біздің елмізде шетелдіктер ала алмайды. Бұл Қазақстан Республикасы Жер кодексі 24-бабының 1-тармағында нақты айтылған. Олар жер телімдерін жалға алу құқығымен, тиімді пайдалану жағдайында 25 жылға дейінгі мерзімде өңдей алады. Лекция соңында филиал қызметкерлерімен сұрақтар қойылды, оларға толық жауаптар алынды. «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалына, «Общественный проект» ҚҰ директоры А.И.Братенковқа филиал қызметкерлерімен маңызды сұхбат жүргізгені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.