Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«2016 жылғы мемлекеттік сатып алу» семинарында қатысу туралы

2016-05-30
«Мемсараптама» РМК Алматы қ. филиалының қызметкерлерін кәсіби дамытудың 2016 жылғы жоспарына сәйкес, 2016 жылғы 24-25 мамыр аралығында әкімшілік бөлімнің бас маманы Рахметова Ш.Е. «Все закупки» ЖШС Алматы қ. ұйымдастырылған «2016 жылғы мемлекеттік сатып алулар» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинарды мемлекеттік сатып алу бойынша сертификатталған маман, «Мелмекеттік сатып алулар», «Самырұқ Қазына» АҚ сатып алулар», «Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары» семинарларының бизнес-жаттықтырушысы, «Мемлекеттік тапсырыс» сұрақтар мен жауаптар» журналының авторы, «ACTUALIS» электронды жүйенің сарапшысы Худайбергенова Наталья Александровна өткізді. Семинардың мақсаты – қатысушыларды 2016 жылғы мемлекеттік сатып алулардың саласын реттеуші ҚР заңнамасындағы ғаламдық өзгерістермен таныстырды. Семинарда келесі мәселелер қарастырылды: • Заңда пайдаланылатын басты түсініктер. Мелмекеттік сатып алуларда қатысумен байланысты шектеулер. • Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптар. Әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарға сәйкес келмейтіндігін мойыдау негіздері. Уәкілетті орган. • Мүгедектер ұйымдарының арасындағы басымдылық сатып алулар. Отандық тауар өндірушілерге, сонымен қатар Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шекте жұмыстар мен қызметтердің отандық өнім берушілеріне қолдау жасау. • Жетекшілердің соңғы өзгерістері енгізілген ҚР ӘҚБК 207-бабына сәйкес жауапкершілігі. Сатып алуларды жоспарлау. Заңның 6-бабына түзетулер енгізу (аталған сатып алудың саласын реттейтін басқа да НҚА). • Біртектілік түсінігі. Жосықсыз қатысушылардың өзгерістер енгізілген тізімдемесі. Жосықсыз қатысушылардың тізімдемесіне өзгерістер енгізу жосығы өзгерген. Екінші жеңімпаздың жауапкершілігі. • Заңнан қызмет етуді қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді алудың 7 түрі (аталған сатып алудың саласын реттейтін басқа да НҚА). • Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырудың тәсілдері. • Бағалық ұсыныстар. Беру мерзімі. Жеңімпазды анықтау. Шартты жасасу шарттары. Бағалық ұсыныстарды сұрату тәсіліндегі өзгерістер. Тауарлық биржалар. • «Заң нормаларын пайдаланусыз» тәсілді жою. Бір көзден – шартты жасасудың 54 негізі. • Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден сатып алу тәсілімен шартты жасасу ережелері. • Жаңа заң бойынша конкурс және аукцион. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптар. Конкурс пен аукцион кезінде жаңа жосықтың пайда болуы – Конкурстық және аукциондық құжаттаманы алдын ала талқылау. • Конкурстық және аукциоандық құжаттама. Әлеуетті өнім берушілерден бас тарту негіздері. Конкурсты өткізу жосығы өзгерген (екінші сатысыз) • Аукционды өткізу жосығы өзгерді (сомасы бойынша шектеуі жоқ тауар ғана) • Конкурс пен аукционға тапсырысты жинау. Конкурс пен аукционға құжаттарды толық жинау. Барлық құжаттарды онлайн режимде тапсыру.Конкурс пен аукционға тапсырысты қамтамасыз ету. • Конкурс пен аукциондағы №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 қосымшаларды толтыру. • «Алдын ала рұқсат беру» түсінігі. Өнім берушінің пайдасына өзгерістері енгізілген алдын ала рұқсат беру. Демпинг. Мемлекеттік сатып алулар жүргізген кезде антидемпингті шаралар жүргізу. Екінші жеңімпаздың жауапкершілігі. • Конкурс пен аукционға берілген тапсырыстарды қарастыру. Жеңімпазды анықтау. Конкурс пен аукцион орындалмаған деп танудың себептері. • Ережелер бойынша шартты үстеме. Шартты үстемені қолдану тәсілі. • Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу. «Электронды шарт» түсінігі. Тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетудің минималды мерзімі. Шартты өзгерту. Қағаз шартты жою. • Шартқа өзгерістер енгізу. Шартты жасасудан жалтару. Аяқталғаннан кейін Ш.Е.Рахметоваға семинарға қатысқаны туралы сертификат берілді.