Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы

2016-03-24
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы
Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы, бақыт пен шаттық, үйлесім мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. «Наурыз» «көктемнің жаңаруы» дегенді білдіреді. Осы күндері «Наурыз мейрамы» жалпыхалықтық көктем мерекесі, еңбек пен бірлік мейрамына айналды. Бүгінгі күні бұл мереке көпұлтты Қазақстанда өмір сүретін барлық халықтарға бірдей қымбат. Ежелгі Наурыз мейрамы қазіргі өмірге үйлесімді ауысып, дәстүрлер сабақтастығын жалғастырады. «Мемсараптама» РМК Қарағанды облдысы бойынша филиалының ұжымы ата-бабаларымыздың игі дәстүрін жалғастыра отырып, табиғаттың жаңару және жаңғыру символы ретінде 2016 жылғы 18 наурызда көктемгі Наурыз мейрамын мерекеледі. Мерекелік дастархан жайылып, онда әр түрлі дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Филиал басшылығы осы мерекемен ұжымды құттықтап, шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. Ұжым қызметкерлері «Наурыз» мейрамының тарихы, дәстүрі мен салты туралы әңгімеледі.