Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі

2015-09-21
«Мемсараптама» РМК-нің ақпараттық қауіпсіздік саясатын халықаралық стандарт ISO 27000 сериялы негізінде ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесін жасау және документальды рәсімдеу бөлігін қамтамасыз ету және орындау мақсатында 2015 жылдың 19 қыркүйегінде «TUV Rheinland Kazakhstan» халықаралық оқу концернімен бірге «Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері» (бұдан әрі-АҚБЖ) тақырыбына семинар өтті. Осы семинар ақпараттық қауіпсіздік менджменті жүйесінің жұмыс жағдайын әзірлеу, құжаттау, ендіру және қолдау үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналды. ISO 27000 сериялы халықаралық стандарты ұйымның контексті шеңберінде АҚБЖ-ы әзірлеу, ендіру, қолдау және үздіксіз жақсарту бойынша талаптарды айқындайды. Сондай-ақ ұйымның сұраныстарына жауап беретін ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау және өңдеу талаптарынан тұрады. Семинарға «Мемсараптама» РМК-нің филиалдарының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғалары қатысты. Нәтижелері бойынша емтихандар тапсырып, сертификатттар табыс етілді.