Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2015 жылғы 30 қарашада «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалының мәжіліс залында барлық қызметкерлер Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, «Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыруға арналған, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына жолдауын «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінен үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Жолдауда, Елбасы 80-нен аса инновациялық ойлар айтып, Қазақстан Республикасының дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері мен жаңа жаһандық нақты ахуал бойынша мәселелерді көтеріп, дағдарысқа қарсы және құрылымдық өзгерістердің негізгі бес бағытын айқындады.