Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Белоруссия «Басмемқұрылыссараптамасы» РУК-на жұмыс сапары

2015-04-16
Белоруссия «Басмемқұрылыссараптамасы» РУК-на жұмыс сапары
«Мемсараптама» РМК мамандары құрылыстағы баға белгілеу ресурстық әдісін қолдану бойынша тәжірибені оқып-үйрену мақсатында 2015 жылғы 13 мен 15 сәуір кезеңдерінде Белорусь Республикасына (Минск қаласы) барып қайтты. Сапар барысында «Басмемқұрылыссараптамасы» РУК-ы мен «Құрылыстағы баға белгілеу бойынша республикалық ғылыми-техникалық орталығы» РУК мамандарымен кездесіп, объектілерді жобалау және салу кезінде қолданылатын негізгі нормативтік техникалық құжаттарды қарады, құрылыстағы баға белгілеудің ресурстық әдісіне өту және жобаларға сараптама жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша «Мемсараптама» РМК мен «Басмемқұрылыссараптамасы» РУК-ы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы келісімге келді.