Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
2015 жылғы 20 маусымда «Сұңқар» қонақ үйінде «бір терезе» қағидаты бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама мәселелері жөнінде «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары Т.Ж.Қарағойшин мен бас директордың орынбасары Е.Ж.Едресовтың, сондай-ақ шақырылған құрылыс жобаларының тапсырысшылары мен жобалаушыларының қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналыстың ресми бөлімінен кейін және Е.Ж.Едресов сөз алып сараптаманың бизнес-процесімен, кешенді сараптама жүргізудің жаңа қағидаттарымен, графикалық маериалдар мен схемаларды көрсетіп, жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша жұмыс қағидатын түсіндірді және сараптаманың алға қойған жоспарлары туралы айтты, атап айтқанда: сараптама қорытындысын беруді автоматтандыру, сараптама жүргізу сапасын жақсарту, «онлайн» режимінде тапсырысшылар мен жобалаушылар арасында байланыссыз жұмыс. Жиналыстың екінші бөлімі «сұрақ-жауап» режимінде өтті. Салалық сараптама өкілдерінен экологиялық және санитарлық-эпидемиоллогиялық қауіпсіздік бөлімдері бойынша тапсырысшылардың, жобалаушылардың сараптама жүргізу мерзімі мен ұзақтығына, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша қорытынды алу, сайтта тіркелуге қатысты сұрақтар көп болып, сараптама қызметкерлері қысқа да нұсқа жауаптар қайтарды.