Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сингапурға жұмыс сапары

2015-04-23
Сингапурға жұмыс сапары
CORENET жүйесін оқып-білу, сондай-ақ осыған ұқсас технологияны Қазақстанда қолдануға талдау жасау мақсатында «Мемсараптама» РМК қызметкерлері 2015 жылдың 13-17 сәуірінде Сингапурға барып қайтты. Жобалар сараптамасының ақпараттық ВІМ моделдеу технологиясы форматына сапалы өтуі үшін кәсіпорын мамандары алдыңғы қатарлы шетел тәжірибесіне талдау жүргізді. ВІМ технолгияларын дамыту деңгейінің әлемде теңдесі жоқ. ВІМ технологияларын белсенді енгізу мен қолдану орталығы болып Сингапур мемлекеті мен қаласы саналады. Сингапурда бірнеше жыл жобалардың CORENET мемлекеттік нормаларына сай келуін автоматтандырылған тексеру жүйесі қолданылып келеді. Сапар барысында «Мемсараптама» РМК қызметкерлері CORENET жүйесінің әзірлеуші компания өкілдерімен кездесті, сондай-ақ Сингапурдың құрылыс және сәулет істері жөніндегі уәкілетті органында болды. Делегация мүшелері Сингапурдың құрылыс саласының даму деңгейін жоғары бағалап келді, осыған ұқсас ұлттық жүйені дамыту қажеттілігі, сондай-ақ қолданылып жүрген нормативтік құжаттарды жетілдіру маңыздылығы аталып өтілді.