Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі. ИСО/МЭК 27001» тақырыбындағы семинар

2015-09-21
 «Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі. ИСО/МЭК 27001» тақырыбындағы семинар
 «Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі. ИСО/МЭК 27001» тақырыбындағы семинар
 «Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі. ИСО/МЭК 27001» тақырыбындағы семинар
2015 жылғы 17 қыркүйектен 19 қыркүйек аралығында «Мемсараптама» РМК «Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі. ИСО/МЭК 27001» тақырыбына семинар өтті. Семинарды ТЮФ Рейнланд Академиясының оқытушысы Бақытжан Сейтмухамбетов өткізді. Семинарға «Мемсараптама» РМК филиалдарының ақпараттық технологиялар мамандары қатысты. Семинарда қаралған негізгі сұрақтар: Ақпараттық қауіпсіздікті басқару (ұйымдастыру, тәсілдеме, принциптер). Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін әзірлеу және енгізу, ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін сүйемелдеу және жақсарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері, ақпараттық қауіпсіздікті бағалау және тәуекелдерді талдау. Семинар еркін түрде, шығармашылық ізденіс, жаңа білім алу мен келешекке жоспар құру тәсілінде өтті. Ақпараттық қауіпсіздіктің саясаты жан-жақты баяндалды, ИСО 27001 және 27002 стандартының белгілері, тәуекелдерді, қауіп-қатеді талдау және бағалау. Семинар соңы сұрақ-жауап түрінде өтті. «Мемсараптама» РМК мамандары мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Емтихан тапсырған соң, семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді. Семинар барысында алған білім мен тәжірибе үшін Бақытжан Сейтмухамбетовге алғысымызды білдіреміз.