Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Бір терезе» қағидаты бойынша құрылысқа арналған ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу ережелерінің күшке енуі туралы ақпарат

2015-04-29
«Мемсараптама» РМК әлеуетті жеткізушілер мен жобалау ұйымдарына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары» 2015 жылғы 1 мамырдан күшіне енгендігі туралы хабарлайды. Жоғарыда көрсетілген Қағида салалық және ведомстволық сараптамалардың қатысуымен «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылысқа арналған ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібін белгілейді. Бұл қағида Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады.