Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті қызметкерлері өткізген ЖСҚ қабылдау жөнінде тәжірибелік оқыту курсы

2015-05-06
Қарағанды облысы бойынша экология департаменті қызметкерлері өткізген ЖСҚ қабылдау жөнінде тәжірибелік оқыту курсы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген, «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын» орындау мақсатында «Мемсараптама» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы Қарағанды облысы бойынша экология департаменті қызметкерлерінің қатысуымен ведомстводан тыс кешенді сараптаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ВКСБАЖ) ЖСҚ қабылдау бойынша тәжірибелік оқыту курсын жүргізді. «Мемсараптама» РМК және Экология департаменті қорытындыларды бергенге дейін ЖСҚ түсу кезеңдері қарастырылды. ЖСҚ өтініш берушінің портал арқылы (epsd.kz) жіберуі, ВКСБАЖ жобаның түсуі, атап айтсақ, экологияға түсуі, жиынтығын тексеру, жоба бойынша бұрыштама жасау, қорытындыны беру көрсетілді. ВКСБАЖ көрсеткен соң, екі ұйым қызметкерлері тәжірибелерімен алмасты.