Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения
«Государственная вневедомственная экспертиза проектов»
«Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың 2015 жылға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 2015 жылғы 14 мамыр күні Астана қаласында «2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша азаматтық-процессуалдық қатынастарды құқықтық реттеу» тақырыбында семинар өткізілді, оған «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының мамандары Г. Бейсембаева және С. Ярмухамедова қатысты.
Семинарды өткізу үшін Алматы қаласынан арнайы бизнес-тренер, заң ғылымдарынң кандидаты, ҚХА арбитры Амангелді Айжан шақырылды. Семинар барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.