Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

BIM технологиясын оқыту

2015-04-08
Астана қаласының «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорнында 2015 жылғы 2 наурыздан 6 сәуір аралығында қызметкерлерге арналған «BIM технологиясын пайдалану және қолдану» тақырыбы бойынша семинар-оқыту өткізілді. Осы семинар - BIM технологиясы ғимараттың тұжырымдамасын әзірлеуден бастап салғанға дейінгі және пайдалануға тапсырудың барлық кезеңдерінде, нақты және үйлестірілген мәліметтерді пайдалануға негізделген кешенді процес екенін айқындайды. Ол ғимарат құрылымының әр түрлі нұсқаларын әзірлеп және көрнекілейді, қоршаған ортаға әсерін бағалайды және болашақ құрылыстар үшін шығынды анықтайды. Сол себепті жобаларды бекіту жеделдетіліп, қаражатты жұмсау реттеледі, қауіп-қатер қысқарады. Курс аяқталғаннан кейін оқытудың барлық қатысушыларына сертификаттар ұсынылды.