Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК филиалдарының директорларымен «Менеджерлерге арналған медативтік құзірет» тақырыбында тренинг өтті

2015-04-24
«Мемсараптама» РМК филиалдарының директорларымен «Менеджерлерге арналған медативтік құзірет» тақырыбында тренинг өтті
«Мемсараптама» РМК филиалдарының директорларымен «Менеджерлерге арналған медативтік құзірет» тақырыбында тренинг өтті
2015 жылдың 15 сәуірден 16 сәуір аралығында Астана қаласында «Мемсараптама» РМК ШҚО облысы бойынша филиалының директоры Тикибаев Е.А. «Менеджерлерге арналған медативтік құзірет» тақырыбында өткен тренингке қатысты. Аталған тренинг әртүрлі келіссөз жүргізетін, даулы/конфликтті мәселелерді шешу қажеттілігін (дәнекерші ретінде және таласшы ретінде), дәлелдеу, көз жеткізу, топтық талқылауларды презентация жүргізу құзіретіне кіретін менеджерлер мен жетекшілерге арналған. Тренинг өткізу мақсаты болып, келіссөз жүргізу процессі кезінде туындайтын (компания ішінде, компания клиеннтерімен, сыртқы серіктестермен келіссөз) конфликттерді шешуге, жобалық менеджерлермен келісімділік жұмыстар кезінде, жұмыс кезіндегі өзгерістерге қарсылық және т.б. кезінде тиімді басқару шешімдерін оның ішінде өнеркәсіптік кеңестердің нәтижелілігін арттыруды іздестіру және қабылдауға, негізгі медативтік құзіретке дағдылану болып табылады. Тренинг қатысушылары серіктестермен келіссөз жүргізу процессі кезінде қолданылатын аталған технологиямен даулы/конфликтті мәселелерді шешу құралдарымен танысты және толық атқарды. Екі жаққада тиімді әрі әділетті жүргізілген келіссөзге негізделген құзіретті қолдану нәтижесі ең жақсы болып табылады. Тренингті «Қазақстан Медиация Орталығы» өкілі - Виговская Ирина Николаевна жүргізді.