Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Бір терезе» қағидаты арқылы құрылыс жобаларын кешенді ведомстводан тыс сараптау ережесі күшіне енуі жөніндегі мәлімет

2015-04-28
«Мемсараптама» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы әлеуетті тапсырысшылар мен жобалау мекемелерін 2015 жылғы 1 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі 2015 жылғы 1 сәуірдегі №299 Бұйрығымен бекіткен Қаржыландыру көздеріне қарамастан ғимараттар мен құрылыстарды, олардың инженерлік және көлік коммуникацияларын жаңадан салуға, сондай-ақ қолданыстағыларын өзгертуге (реконструкциялау, кеңейту, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру, жаңғырту және күрделі жөндеу) арналған техника-экономикалық негiздемелер мен жобалау-сметалық құжаттаманы кешенді ведомстводан тыс сараптау ережесі күшіне енетіндігі жөнінде хабардар етеді. Аталмыш Ереже құрылыс жобаларын салалық және ведомстволық сараптамаларды қатыстырумен «Бір терезе» қағидасы арқылы кешенді ведомстводан тыс сараптау тәртібін орнатады. Ереже Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілерін міндеттейді.