Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2014 жылғы қызметті қорытындылау және 2015 жылдың міндеттері жөніндегі республикалық жиналыс

2015-02-03
2014 жылғы қызметті қорытындылау және 2015 жылдың міндеттері жөніндегі республикалық жиналыс
2015 жылдың 25 қаңтарында «Мемсараптама» РМК филиалдарының директорларымен 2014 жылғы қызметті қорытындылау және 2015 жылдың міндеттері жөнінде республикалық жиналыс өтті, оған Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары М.Косачев қатысты. Жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама өткізу саласындағы ҚР заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, кәсіпорынның бизнес-процесінде ІТ-технология ендіруге, сапаны көтеруге, жобалау құжаттамасын қарау мерзімдерін сақтауға, баға белгілеуде ресурстық тәсілге өтуге, құрылыс жобаларында қазақстандық үлесті мейлінше көбейтуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ электрондық форматта ЖСҚ-н қабылдауды ұлғайтуға аса көңіл бөлінді. 2015 жыл «сапаны көтеру жылы» болып белгіленді. Сондай-ақ «Мемсараптама» РМК филиалдарының рейтингтік бағалары қорытындыланып: 1 - орынды Алматы қаласындағы филиал 2 - орынды Ақтөбе облысы бойынша филиал 3 – орынды Астана қаласындағы филиал иеленді.